«Ботажан» шағын орталығы
«Заң мен тәртіп» идеологиялық бағыты аясында тәрбиеленушілерге заңдылықты сақтау, тәртіпке бағыну, өз құқықтары мен міндеттерін білу, үлкендерді құрметтеу және қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау туралы түсініктер қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың бойында жауапкершілік, тәртіптілік, әділдік пен өзара сыйластық құндылықтарын қалыптастыру.