Жаңалықтар
Мәзір
-
«8 минуттық оқу» шарасы барысында балабақша бүлдіршіндері қызықты ертегілер мен балалар әдебиетін тыңдап, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды. Балалар кейіпкерлермен танысып, оқу арқылы жақсы тәрбие мен білім алды.
-
"Ботажан" шағын орталығы "Балапан" тобы
-
«Ботажан» шағын орталығы. «Балалармен сұхбат» іс-шарасы өткізілді. Балалар сұрақтарға қуана жауап беріп, ойлары мен армандарымен бөлісті. Осындай сұхбаттар балалардың сөйлеу қабілетін, өзіне сенімділігін және қарым-қатынас дағдыларын дамытады.
-
«Мектеппен сабақтастық аясында "Ботажан" шағын орталығының ересек тобының тәрбиеленушілері даярлық сыныбына қонаққа барып, тіл дамыту сабағына қатысты. Сабақ барысында балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, сөздік қорын молайтуға және өз ойын еркін жеткізе білуге бағытталған түрлі тапсырмалар орындалды. Ойын элементтері мен сұрақ-жауап әдістері арқылы тәрбиеленушілер белсенділік танытып, мектептегі оқу үдерісімен танысты. Бұл іс-шара балалардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, алдағы оқу кезеңіне психологиялық тұрғыдан дайын болуына оң әсерін тигізді.»
-
Түстен кейін жеке жұмыс: Айтқожина Зере «Алмаларды ағашқа отырғыз»
-
Консультациялық пункт
-
"Ботажан" шағын-орталықта ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында консультациялық пункттің жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде. Мамандар ата-аналарға баланың даму ерекшеліктері, тәрбие мен оқытудың тиімді жолдары, үй жағдайында орындалатын жаттығулар жөнінде кеңес берді. Ақпараттық бұрыш арқылы қажетті нұсқаулықтар, әдістемелік материалдар мен ұсынымдар таныстырылып, ата-аналармен кері байланыс жүргізілді.
-
Мектеппен сабақтастық жұмысы негізінде "Ботажан" шағын орталығының балалары мектеп кітапханасына экскурсияға барды. Мақсаты- балаларды кітапқа деген қызығушылығын арттыру және мектеп өмірімен таныстыру.
-
«Солнышко» тобы. «Жаңа жыл ғажайыбы» атты ертеңгілік — қуанышқа, сиқырға және балалардың шынайы күлкісіне толы жарқын, салтанатты мереке
-
«Солнышко» тобының атынан таңғы ертеңгілікті өткізуге белсене қатысып, көмек көрсеткен әріптесімізге Тагир Закирович және тәжірибеден өтушіге Мадина Айдыновна алғысымызды білдіреміз. Сіздердің шығармашылық көзқарастарыңыздың, жауапкершіліктеріңіздің және бірлескен еңбектеріңіздің арқасында мереке балалар мен ата-аналар үшін жарқын, әсерлі әрі есте қаларлық өтті. Ұйымдастырудағы қолдауларыңыз, бастамашылдықтарыңыз және жағымды атмосфера үшін үлкен рақмет. Сіздердің еңбектеріңіз бен тырысуыңыз елеусіз қалған жоқ. Алдағы уақытта толағай табыс, шабыт және кәсіби өсім тілейміз!
-
«Балапан» тобында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
-
Балапан тобының ата-аналары
-
"Ботажан" шағын орталығы "Балапан тобы" Дидактикалық ойын: «Менің Қазақстаным» Ойын барысында бала суреттерді дұрыс орналастырып, Қазақстан Республикасының рәміздері мен мәдени нысандарын таныды. Бұл тапсырма баланың ойлау қабілетін, зейінін және есте сақтау дағдыларын дамыту. Тәрбиеші: Омарова С.О
-
"Ботажан" шағын орталығы Диль Александр анасымен бірге «Аптасына бір кітап оқы» челленджіне қатысып, аптасына бір кітапты бірге оқып жатыр. Бірге оқу арқылы баланың ойлау қабілеті, сөздік қоры және оқу дағдылары дамиды.
-
"Ботажан" шағын орталығы Отбасылық челлендж «Аптасына бір кітап оқы» Отбасылық челлендж аясында Ерёмин Роман анасымен бірге аптасына бір кітап оқып жатыр. Бірге кітап оқу арқылы баланың оқу дағдысы, сөздік қоры және ойлау қабілеті дамиды.
-
"Ботажан" шағын орталығы «Өнегелі 15 минут» Ата-аналармен бірлесіп үй жағдайында «Қар ұшқыны» тақырыбында шығармашылық жұмыс жасалды. Балалар ата-аналарының көмегімен қар ұлпасын жасап, қиялдарын дамытты. Бұл жұмыс отбасы мүшелерінің өзара ынтымақтастығын нығайтып, балалардың шығармашылық қабілетін, ұсақ моторикасын және эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етті. Мини-центр "Ботажан" «Өнегелі 15 минут»