«Мектеппен сабақтастық аясында "Ботажан" шағын орталығының ересек тобының тәрбиеленушілері даярлық сыныбына қонаққа барып, тіл дамыту сабағына қатысты. Сабақ барысында балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, сөздік қорын молайтуға және өз ойын еркін жеткізе білуге бағытталған түрлі тапсырмалар орындалды. Ойын элементтері мен сұрақ-жауап әдістері арқылы тәрбиеленушілер белсенділік танытып, мектептегі оқу үдерісімен танысты. Бұл іс-шара балалардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, алдағы оқу кезеңіне психологиялық тұрғыдан дайын болуына оң әсерін тигізді.»