«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ дефектолог лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ дефектолог лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Мекеменің орналасқан мекенжайы: «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Нагорная көшесі 1, тел: 8 (716-32) 21-2-95 Лауазымдық жалақысы еңбек еткен уақытына байланысты 230000 теңге аралығында. Мекеменің негізгі қызметі: Мектеп жалпы орта білім аясында қызметтер көрсетеді. Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі: Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, орта, білім беру ұйымдары үшін: "арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандық бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл. Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері; өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары; арнайы педагогика; оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері; арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер; педагогикалық этика нормалары; еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер. Қызметтік міндеттері: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің, оның ішінде арнайы мектептердің (мектеп-интернаттардың) оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді; мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады; даму мүмкіндігі шектеулі балаларда психофизикалық дамудың бұзылуын жеңу үшін жеке оқу, Жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді; мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді; білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады; басқа педагогтармен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді; басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады; тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде кеңес береді; тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың әртүрлі нысандарын, білім беру технологияларын, әдістерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады; психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзетудамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм-орталықтар және басқа да орталықтар) іске асыратын арнаулы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы педагогикалық тексеру жүргізеді; ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады; психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді; Жеке оқу, Жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді; өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады; әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады; қоғамның ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға деген толерантты көзқарасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды; тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. «Зеренді ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі» хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады: 1) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото; 6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме; 7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда); 8)"Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама; 10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама; 11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда); 12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда); 14) Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері. Қағидалардың құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Конкурсқа қатысу үшін кандидат комиссияның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Қажетті ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Нагорная көшесі 1, т. 8 (716-32) 21-2-95, эл. адрес: zerschkola2@mail.ru, http://sc0014.zerenda.aqmoedu.kz/

Жаңартылған күні: 30.11.2023 11:13
Құрылған күні: 30.11.2023 11:11

Текст