«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ білім беру ұйымы педагог-кәсіби бағдар беруші (1 жүктеме, орыс тілінде оқытатын сыныптарда) бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Мекеменің орналасқан мекен жайы:
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Нагорная көшесі 1, тел: 8 (716-32) 21-2-95
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен уақытына байланысты 160 000-нан 250000 теңгеге дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жұмыс өтіліне талап қойылмай, мұғалім-логопед бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
арнайы педагогика;
оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;
арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін
құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған
электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты
тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог- модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10) 12,13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11).жұмыс орнынан( педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Қажетті ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады:
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Нагорная көшесі 1, тел: 8 (716-32) 21-2-95, эл. мекенжай: zerschkola2@mail.kz