2-сынып оқушылары арасында «Көңілді ноталар» атты қызықты сыныптан тыс музыкалық іс-шара өтті. Оқушылар музыкалық байқауларға белсене қатысып, әуендерді тапты, ән айтты, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Іс-шара көңілді әрі танымдық сипатта өтіп, балаларға жақсы көңіл-күй мен музыкаға деген сүйіспеншілік сыйлады.