29 қазанда «ДосболLike» жобасы аясында мектеп өзін-өзі басқару ұйымының өкілдері бастауыш сынып оқушыларына арналған «Білсең – жауап бер, білмесең – оқып ал» атты онлайн форматта танымдық шара өткізді. Іс-шара сұрақ-жауап викторинасы түрінде өтіп, оқушылар қызығушылықпен жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Мұндай форматтағы кездесу оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеттерін дамытуға және әртүрлі сыныптар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.