Қазақ тілі апталығы аясында мектебімізде бүгін «Мәлік Ғабдуллин – біздің жадымызда» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа батырдың ерлік жолын үлгі етіп, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту. Студенттер Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты деректермен бөлісіп, сахналық көріністер көрсетті, өлеңдер оқыды. Бұл шара балалардың бойында отансүйгіштік рухты оятып, тарихты тереңірек түсінуге көмектесті.