«Адал Азамат» республикалық бағдарламасы аясында мектебімізде «Өнегелі 15 минут» атты тәрбиелік бастама жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – балалардың адамгершілік қасиеттерін, жауапкершілік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру. Бастаманың маңызды бөлігі – ата-аналар мен балалар арасындағы күнделікті қысқа сұхбаттар. 15 минут ішінде ата-аналар балаларымен әділдік, адалдық, құрмет, еңбекқорлық секілді өмірлік маңызды тақырыптарда пікір алмасып, жеке тәжірибелерімен бөліседі, үлгілі мінез-құлық мысалдарын келтіреді. Мұндай әңгімелер балалардың құндылықтарды терең түсінуіне, отбасылық байланыстарды нығайтуға және ұрпақтар арасындағы сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.

17.11.2025
Просмотров: 391

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу