«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін мектебімізде туған ауылымыздан шыққан өнерпаздар — "Жас Star" триосы Амалбек Дінмұхамед, Екпін Тоқтар, Хамза Айдын және эстрадалық әнші Адаханова Алма Мұхтарқызымен "Ауыл мақтаныштары – ән мен күй шеберлері" атты тағылымдық кездесу кеші өтті. Мақсаты –оқушыларды туған жерден шыққан өнер иелерімен таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезім қалыптастыру. Қонақтар өздерінің өнер жолы жайлы әңгімелеп, тәжірибелерімен бөлісті. Кеш барысында ән айтылып, күмбірлеген күйлер орындалды. Оқушылар өнерпаздарға түрлі сұрақтар қойып, ерекше әсер алды. Бұл кездесу оқушылардың рухани әлемін байытып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Т.Г. Латипова.

20.11.2025
Просмотров: 75

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст