Текст
13.02.2026
Ауғанстаннан әскер шығару күніне арналған іс-шаралар аясында жетінші сынып оқушылары аудандық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырылған «Ешкім соғыс үшін жаралмаған» атты еске алу экскурсиясына қатысты.
Оқушылар аудандық кітапханаға барып, тақырыптық көрме мен деректі материалдарды тамашалады. Кітапхана қызметкерлері әскери борышын өтеген сарбаздардың батылдығы мен төзімділігі, сондай-ақ бұл датаның тарихтағы маңызы туралы әңгімеледі.
Іс-шараның ерекше әсерлі бөлігі ауған жауынгерлеріне арналған ескерткішке бару болды.