Текст
31.08.2026
Мектебімізде эстетикалық цикл пәндері бойынша әдістемелік бірлестіктің отырысы өтті. Отырыста оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдары, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану мәселелері талқыланды.
Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызықты идеялар мен практикалық әдістерді ұсынды.
Отырыс барысында Кенесов Н.Д., Нажимова А.М. және Жансериков Р.К. сөз сөйлеп, өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
🤝 Тәжірибе алмасу – кәсіби дамудың маңызды қадамы!