Бүгін педагогтерден құралған командамыз Ұстаздар күніне арналған аудандық волейбол жарысында мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, құрметті III орынға ие болды!

01.10.2026

Бұл — жай ғана спорттық нәтиже емес, ұстаздарымыздың бірлігі мен ұйымшылдығының, жігері мен өзара қолдауының, нағыз командалық жұмысының жарқын көрінісі.

Біздің педагогтеріміз — тек білікті ұстаздар ғана емес, сонымен қатар нағыз чемпиондар! Олар өз үлгісі арқылы жетістікке бірлік, еңбек, қолдау және бір-біріне деген сенім арқылы жетуге болатынын көрсетіп келеді.

Тамаша командамызды лайықты марапатымен құттықтаймыз!

Осы қарқыннан таймай, тек алға — жаңа жеңістерге!

Просмотров: 620

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу