ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰСТАЗ МАҚТАНЫШЫ!

23.10.2026

«Зеренді ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушылары «Қазақстан – достық мекені» атты онлайн-конкурстың аудандық кезеңіне қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
«Арманымдағы Қазақстан» бейнероликтер номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Егор Каргин І орын иеленсе, «Қазақстан – жүрегімізде» суреттер номинациясы бойынша 8 «В» сынып оқушысы Азамат Талғат ІІ орынға ие болды.
Оқушыларды байқауға дайындаған жетекшісі – Жансериков Рауан Қайратұлы.
Ұстаздың қолдауы, бағыт-бағдары мен кәсіби шеберлігінің арқасында оқушылар өздерінің шығармашылық әлеуетін ашып, мектебіміздің абыройын асқақтата білді.
Рауан Қайратұлына еселі еңбегі, бастамашылдығы және оқушылардың дарынын дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Оқушылар мен олардың жетекшісін лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, шабыттарыңыз шалқып, тың идеялар мен жарқын жеңістеріңіз көп болсын!
Әрбір шәкірттің жеңісі ұстазының мерейін өсіріп, туған мектебінің мақтанышына айнала берсін!

Просмотров: 12

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу