«iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы

11.11.2026

Ақмола облысының тұрғындарына арналған «iKomek-109» бірыңғай байланыс орталығы халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Аталған қызмет арқылы тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауызсу, электр энергиясы, жылу, көше жарығы, жолдардың жағдайы, қар тазалау, қоқыс шығару және абаттандыру мәселелері бойынша өтініштер мен хабарламалар қалдыра алады.

*iKomek-109 қызметіне қалай хабарласуға болады?*

- 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу;
- Telegram: @IKOMEK109AQMOLABOT;
- Instagram: @ikomek109aqmola.

Қызмет тәулік бойы, демалыс және мереке күндерінсіз жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Әрбір тұрғынның өтініші маңызды! Өзекті мәселелерді дер кезінде хабарлау арқылы ауылымыздың тазалығы, қауіпсіздігі мен көркеюіне үлес қосайық!

*iKomek-109 – халық пен билік арасындағы тиімді байланыс!*

Просмотров: 52

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу