«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Президенті "әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы" Жарлыққа қол қойды

09.03.2022

Президент әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды 7 наурыз 2022 ж. Нұр-Сұлтан қ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты Жарлыққа қол қойды. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі әзірледі. Жаңа Жарлықта барлық деңгейдегі әкімдердің ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктерге шығуының ең аз санын белгілей отырып, халықпен тұрақты кездесулердің икемді күнтізбесіне көшуі көрініс тапты. Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы әкімнің баяндамасы кездесу кезінде жоспарланған уақыттың төрттен бір бөлігінен аспайды. Қалған уақыт «сұрақ-жауап» форматында өткізіледі. Бұл шаралар облыс басшылығының елдімекен тұрғындарымен барынша байланыс жасауына ықпал ете отырып, осылайша халықтың билікпен коммуникациясының сапасын арттырады. Кездесулерді ұйымдастыру кезінде мүдделі тұлғалардың, оның ішінде мәслихат депутаттары, партиялар, қоғамдық ұйымдар мен оппозиция өкілдерінің кең аудиториясы тартылады. Бұл өңір басшылығымен жан-жақты диалог құруға мүмкіндік береді. Кездесу аяқталғаннан кейін әкімдер азаматтарға жеке қабылдау өткізеді. Проблемалық мәселелер оларды қаржыландыруды мәслихат сессиясында қарау мүмкіндігімен жүйелендіріледі. Әкімдердің жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, ішкі істер органдарының басшылық құрамымен және мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестердің мүшелерімен, жергілікті зиялы қауыммен бірлесіп, азаматтарға жеке қабылдау өткізуі Жарлықтың тағы бір новелласы болып табылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының барлық елдімекені тиісті өңірдің басшылық құрамымен кездесумен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, кездесулер халықтың талап етуі бойынша және қажет болған жағдайда, күнтізбеден тыс өткізілуі мүмкін.

Просмотров: 203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст