«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

SKILLS.ENBEK.KZ

14.03.2022
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының халықтың табысын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Серік Шәпкенов өз сөзінде халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізетінін атап өтті: жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстары дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау.
«Біздің қатысуымызбен барлығы 33 іс-шара қарастырылған, оның 16-сы тікелей Министрлікпен жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық көлемін төмендету, 2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді», – деді министр.
3 дн.
Просмотров: 174


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст