«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Чехия трамвай өндірісін Қазақстанда орналастыруға мүдделі

25.05.2022

KAZAKH INVEST ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасына сапармен «Zimatechnik» (Чехия) компаниясының өкілдері келді. Бір апта бойы әлеуетті инвесторлар Павлодар, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарындағы шаруа қожалықтарына барып, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.
1994 жылы негізі қаланған чехиялық «Zimatechnik» компаниясы трамвай шығаруға негізделген, сонымен қатар АӨК жобаларымен айналысады. Сондай-ақ компания чех өндірушілерінің мүдделерін қамтиды. Олардың қатарында рельсті көліктерге арналған тежегіш дискілерін өндіретін «KOVIS d.d.o.», резеңке бұйымдарын шығарушы «MIKON spol. s.r.o.», серіппе мен рессор өндіруші «HŽP a.s.» және бәсеңдеткіштер өндіретін «ST-OS a.s.» компаниялары бар. KAZAKH INVEST кеңсесінде өткен кездесуде «Zimatechnik» компаниясының бас директоры Роберт Малек пен «Bkn» директоры Роман Шарипов жоспарларымен бөлісті.

Просмотров: 159


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст