«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанның бір топ аудиторлары Прагадағы ЕУРОСАИ-дың пост-конгресіне қатысты

25.05.2022

Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы бастаған делегация алғашқы күні Прагада өтіп жатқан ЕУРОСАИ-дың пост-конгресіне қатысты.
Іс-шараға Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Греция, Испания, Израиль, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланд, Польша, Португалия, Косово, Молдова, Румыния, Словакия, Черногория, Чех және басқа да 20-дан астам жоғары аудит органдарының (ЖАО) өкілдері қатысты.
Кездесуді Чех Республикасының Жоғары аудит офисі ұйымдастырды. Іс-шара шеңберінде Есеп комитетінің Төрайымы Молдова, Польша, Португалия және Чехия жоғары аудит органдарының бірінші басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.
Сондай-ақ Австрия мен Швецияның жоғары аудит органдарының өкілдерімен де кездесулер болды. Сонымен қатар, іс-шара барысында мемлекеттік аудит саласында тәжірибе алмасу, соның ішінде электрондық үкімет жобалары, аудиторлық қызмет нәтижелерін жариялау және басқа да мәселелер бойынша семинарлар өтеді деп жоспарланған.

Просмотров: 279


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст