«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда XIX жазғы Дүниежүзілік гимназияданың қорытындысы шығарылды

08.06.2022

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Дүниежүзілік XIX жазғы гимназияданың жеңімпаздарымен, жүлдегерлерімен кездесті. Аталған іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің көрнекті спорт шеберлері мен мектеп оқушылары қатысты.
«Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік гимназиядаға алғаш рет қатысуда. Соған қарамастан дебют сәтті өтті», — деді вице-премьер.
Оның айтуынша, мұндай жетістікке Мемлекет басшысының балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағытындағы жүйелі шараларды іске асырудағы қолдауы өз септігін тигізді.
Жарысқа Қазақстаннан 234 оқушы қатысты. Біздің құрама 70 елден келген командалар арасынан жүлделі үшінші орынға ие болды. Жас спортшылар 86 медальға ие болды, оның ішінде 33 алтын, 32 күміс және 21 қола медаль бар. Қазақстандық құрама спорттың 13 түрі бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Просмотров: 134


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст