«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚШ Қазақстанда өткен референдумды елді саяси жаңғырту жолындағы кезекті қадам деп бағалайды

30.06.2022

«Америка Құрама Штаттары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі реформаларын толық қолдайды, сондай-ақ 5 маусымда өткен референдумды осы реформаларды іске асырудағы кезекті қадам ретінде бағалайды», - деді АҚШ Мемлекеттік хатшысының Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зеяның.
Оның бұл пікірі ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханға жолдаған хатында атап өтілді.
«Біз Қазақстанға мемлекеттік басқару жүйесін демократияландырудың, ашық және халық үніне құлақ асатын институттар құрудың, сондай-ақ дербес азаматтық қоғаммен бірлесіп адам құқықтарын қорғау саласын күшейтудің күрделі жолында әрдайым көмектесуге дайынбыз», - деп атап өтті У. Зея өз хатында.
Құжатта АҚШ бейбіт, тұрақты, өркендеген және демократиялық Қазақстанды құптайтыны туралы де атап өтілді. Демократиялық, жауапты және есеп беретін мемлекеттік басқару жолындағы еліміздің нақты жетістіктерін талқылау жөніндегі диалогты жалғастыруға үміт білдірілді.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары У. Зея 2022 жылдың көктемінде Қазақстанға келіп, 11 сәуірде Нұр-Сұлтанда ҚР Президентінің Арнайы өкілі Ержан Қазыханмен Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогтың алғашқы отырысына бірлесе төрағалық етті.

Просмотров: 149


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст