«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР СІМ Ауғанстан халқына жер сілкінісі кезінде қаза болғандарға байланысты көңіл айтты

04.07.2022

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтты.
«Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінен көптеген адам қаза болуына байланысты ауған халқының қайғысына ортақпыз. Қазақстан халқы мен басшылығы атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тезірек сауығып, қалыпты өмірге оралуды тілейміз», делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, сәрсенбіде Ауғанстанда магнитудасы 5,9-6,1 балл жер сілкінісі болып, оның салдарынан 1500 адам қаза болды, 1000 адам түрлі жарақат алды. Оқиға Пәкістанмен шекаралас оңтүстік-шығыс Хост қаласынан 44 шақырым жерде болған.

Просмотров: 162


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст